Дәріс. Ақыл- ойы кемтар балаларға арнайы көмек ұйымдастыру

Мақсаты:Студенттерді ақыл-ой кем балаларға арнайы көмек беруді ұйымдастырудың ерекшеліктерімен танысыру

Жоспар:

1. Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға көмек көрсетудің тарихы

2. Зиятында терең ауытқушылығы бар балаларға қазіргі кездегі көмек түрлері

Тірек сөздер:қорғаушы еңбек жүйесі, әлеуметтік қорғау мекемелері

Ақыл ойы кемтар тулғаларды қоғам тарапынан арнайы көмек көрсету дәстүрі XIX ғасырдан басталған. Эскироль ақыл ой кемтарлықты жан-жақты зерттеп нақұрыстықты ауру емес екендігін дәлелде оны ақыл ой дамуы ешқашанда қалыптастаған жагдайымен сипатталатын күйі екенін түсінген. Эскироль еңбектері ақыл-ой кемтарлықтын клиникалық және психологиялық тұрғыдан зерттеулердің көз-қайнары болған.

Ақыл-ойы кемтарларды оқыту мүмкіндіктерін тексеру мен анықтауға бір жағдай көмектесті. Авейрон орманында 11-12 жастағы жабайы ұл бала табылған, адам баласына ұқсамаған. Ж. Итар (1775-1838) сенсуализм ағымының өкілі болғандықтан, сол баланы (Виктор деп ат қойып) оқыту барысында сезімдерін дамытуға сүйенген. Итар кезекпен түрлі сезім мүшелерін дамытқан және әлеуметтік дағдыларын қалыптастыруға қадам жасаған. Викторды қалыпты жағдайға келтіре алмамағанына қарамастан нақұрыстардың оқуға қабілеттері бар екені туралы дәлелдер пайда болды.

Эскирольдің шәкірті Э.Сеген (1846 ) нақұрыстықпен шамалы ақыл-ойдың кемтарлығы атты тусінктерге анықтама берген. Ол өзінің түзету жумысының емдік және педагогикалық жіктеуін құрастырып, ең алғашында Францияда кейінен АҚШ-та ақыл-ойы кемтар балаларды оқыту тәжірибесін бастаған. Оның окыту әдісінің негізгі алғаш қабылдауға кабілеттерін кейін ұғымдық функцияларын дамыту болған.

Б. Морель (1857) азғындау теориясының негізін қалаушы накұрыстықтың себебі ретінде қарастырып, оны тұқым дамуының кері кетуі деген. В. Магнан (1893) ақыл-ойы кемтарлықты кері кетудің көрсеткіші деп есептеген. Ақыл ой кемтарлықты зерттеулердің бірінші кезеңнің қорытындысы, XX ғасырдың басында туа біткен ақыл ой кемтарлықты ес 140



аусқан аурулардан ажырату туралы пікірлер қалыптасып тұқым қуалаушылық себептері анықталған. Тәжірибеде туа біткен ақыл-ой кемтарлықтын түрлері, деңгейлері баяндалған.

Ақыл - ойы кем балаларды арнайы сыныптар мен мектептерде оқыту Еуропа елдерінде және АҚШ та біздің елімізге қараганда ертерек басталды, сондықтан мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды оқытуды ұйымдастыруда отандық мамандар шет ел тәрбиесіне сүйенген.

Ақыл - ойы кемтар балаларды оқыту XIX ғасырдан бастап өзекті мәселенің біріне айналды, себебі коғам мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға да оқудың қажеттілігін түсіне бастады.

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында «ақыл - ойы кем» түсінігі психиатрияда қалыптасқанымен, бұл балаларды оқыту мәселесі үлкен күдік туғыза бастады Германия және басқа елдерде арнайы мектептің негізгі мақсаты - мектептегі үлгермеушілікке көмектесумен сипатталды. Осы арнайы сыныптарда 1-2 жыл оқығаннан кейін балалар кайта жалпы мектепке ауысуы тиіс болатын.

Ресейде ақыл-ойы кемтар балалар үшін арнайы оқыту мекемесі дәрігер Ф.Пляцтің жетекшілігімен 1854 жылы Рига қаласында ашылған.

Кейіннен XX ғасырдың басында Мәскеу педагогтары мен дәрігерлері ақыл - ойы кем балаларды оқытуды ұйымдастыруда жоғары белсенділік танытты.

Ұзак ізденістер мен өтініштердің көмегімен 1908 жылы алғашқы көмекші сыныптар ашылды. Бұл көмекші сыныптар Мәскеудегі, Үшінші Ольгинско - Пятницкий атындағы училищесінде М.П.Постовскаяның (1865-1953) жетекшілігімен ашылды. Осы кезден бастап ақыл - ойы кем балаларға арнайы сыныптар мен мектептердің қажеттілігін бүкіл қоғам мойындай бастады.



Бұл арнайы сыныптардың ашылуымен педагогтар шетелдегі арнайы білім беру жүйесін жан - жақты зерттей бастады. М.П. Постовская және оның інісі дәрігер Н.М.ІІостовский Германия, Швейцария, Бельгия т.б. қалаларда болды, осы қалалардың тәжірбиесін ақыл-ойы кем балаларды оқытуда пайдаланды.

Дефектология тарихында ақыл - ойы кем балаларды окыту мен тәрбиелеудің мазмұнын, әдістерін ұйымдастыру жағынан терең із қалдырған мектеп - санаторий В.П.Кащенконың мектеп - санаторий болды.

Көмекші оқыту жұмысын ұйымдастыруда көптеген педагоггар мен дәрігерлер үлес қосты. Атап айтсақ, Е.К.Грачева, Г.И.Россолимо, В.П.Кащенко, Г.Я.Трошин, О.Б.Фельцман, А.С.Грибоедов, А.Ф.Даурский, А.В.Владимирский, Д.В.Фельдберг, Н.В.Чехов, Н.П.Постовский, М.П.Постовская, А.Н.Граборов, Е.Н.Баженова, Ф.Д.Забугин, С.Д.Рабанович, В.А.Селихова т.б.

Зиятында ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбилеу мәселесін зерттеген озат ғалымдар Л.С. Выготский, Л.В. Занков, А.Н. Граборов, Г.М. Дульнев. Ақыл-ойы кемтарлықты ғылыми тұрғыдан зерттегендер: А.Р. Лурия, Ж.И. Шиф, Б.И. Пинский,В.Г. Петрова, И.М. Соловьев, С.Я.Рубинштейн, В.И. Лубовский; Г.Е. Сухарева, М.С. Певзнер. Қазіргі уақытта зиятында ауытқушылықтары бар балаларға ерте жастан түзетушілік көмек көрсету мәселесін зерттеушілер Е.А. Стребелева, Ю.А. Разенкова, Б.С. Халыкова т.б. Мектеп жасына дейінгі зиятында ауытқушылықтары бар балаларды арнайы оқыту, тәрбиелеуді Л.Б. Баряева, О.П. Гаврилушкина, А.А. Аксенова, М.Н Перова зерттеуде. Ал зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқытудың жаңа технологияларын әзірлеу мәселесімен айналысатын ғалымдар Г.В. Цикото, А.Р. Маллер, А.А. Еремина.

Ерте жастағы зиятында ауытқуы бар балалар отбасында немесе денсаулық сақтау аумағындағы арнайы бөбекжайларда тәрбиеленеді. Ал түзетушілік көмек ерте жастан көмек көрсету кабинеттерінде, оңалту орталықтарында және психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде қамтамасыз етіледі. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған зиятында ауытқуы бар балалар ерте жастағы балалар үйлерінде, кейін 3 жастан толған соң зиятында ауытқуы бар балаларға арналған балалар үйлеріне ауысады. Ол жерде жұмыс балалардың эмоциялық, тұлғалық дамуын белсендіруге, кеңейтуге бағытталған, сонымен бірге психомоторикасын дамыту, өз құрбылары және ересектермен қарым-қатынас әрекет жасау, қоршаған ортамен танысу, оны зерттеу.

Жанұясындағы тәрбиеленетін балалармен түзету жұмыстары ата-анасынын белсенді қатысуын талап етеді. Зиятында ауытқуы бар ерте жастағы балалармен олигофренопедагогтың жетекшілігімен түзету жұмыстары жүйелі жүргізілсе дамуында көптеген жақсы жетістіктерге қол жеткізуге болады. Бұл арнайы мекемелерде арнайы сақтаушы күн тәртібі ұйымдастырылады.

Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға арнайы көмек көрсету жүйесі әр елде өзгеше ұйымдастырылған, оның себебі: экономикалық тарихи қалыптасқан дәстүрлер, мәдениеттін даму деңгейі мен әлеуметтік саясаттың бағыты.

Батыс Еуропа және АҚШ елдері зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқи алатын, оқуға қабілетті, яғни жалпы мектептерде білім алуға қабілетті (жеке білім беретін оқу бағдарламасы бойынша) және арнайы ұымдастырылған оқыту процесінде машықтандыру арқылы кейбір жетістіктерге жете алады деп есептейді.

Өткен ғасырдың 70 жылдарынан бастап аталмыш елдерде оқи алатын және оқи алмайтын көрсеткіші бойынша балаларды бөліп, ажыратып оқыту тәжірибесі тоқтатылды (дискриминацияға қарсы және демократия бағытын басшылыкқа алу қозғалыстар әсерін тигізді).

Шетел мамандардың пікірі бойынша зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға бірінші күннен бастап біріктіріп оқытуға қосу қажет, өйткені бала басқа балалар ортасында өзін ұстауға үйренеді, қарапайым оқу дағдыларын меңгере алады (басқаларды тыңдау, қарапайым өтініштерді орындау, өзіне қажетті қызмет көрсету дағдыларына үйрену сияқты). Ата-аналарын арнайы дайындау орталықтары және мектеп жасына дейінгі топтарда тәрбиелеу мен оқыту арқылы зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды мектепте білім алуға арнайы шаралар ұйымдастырылады.

Батыс Еуропада қалыптасқан дәстүр бойынша ата-аналар мен қамқоршылар зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу үшін мемлекеттік немесе жекеменшік білім беру мекемелерін таңдауға құқылы.

Зиятында терен ауыткушылықтары бар тұлғалар бастауыш және кәсіби білім алуға кұкылы. Бастауыш білімнің мазмұны - оқу, жазу, есептеудің қарапайым деңгейіндегі білім, икемділік пен дағдыны қамтиды. Аталмыш тұлғалар меңгере алатын кәсіби мамандықтар: автослесарь, көлік технигі, тоқымашы, үйді жинау, бақша күту, қойма ұстау, науқастарды күту, қарау т.бс.с. Бұл мамандықтарға зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларды арнайы кәсіби мекемелерде оқытады.

Шет елдерде зиятында терең ауытқушылықтары бар тұлғаларға арналған "қорғаушы еңбек жүйесі" еңгізілген, нақты жұмыс орнында табыс тауып, өз еңбектерінің пайдасын көруге жағдайлар қамтамасыз етілген.

Біздің елдерде зиятында терең ауыткушылықтары бар балалар мен ересек тұлғалар Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлігі қармағындағы арнайы интернат-үйлерінде өмір сүреді. "Ақыл ойы имбецил немесе нақұрыстык деңгейдегі, немесе дебилдік деңгейі тірек-қимыл-қозғалысындағы ауытқушылықтарымен күрделенген жағдайдағы балалар" атты ережелер бойынша балалар жоғарыда аталған мекемелерге жіберіледі. Зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларды оқыту мен тәрбиелеу ең алғаш бағдарламалары 60-70 жж. әзірленген, олардың мазмүны психикалық процестерді жан-жақты дамыту, кемістіктерді түзету, сөйлеу тілін дамыту, қарапайым өзін -өзі күту дағдаларын қалыптастыру.

Бұл жүйедегі қазіргі жетістіктердің бірі- ерте жастан көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу.

Қазіргі күнде зиятында терең ауытқушылықтары бар балаларға "Кеңес", "Алпамыс" атты арнайы мекемелерде кешенді психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетіледі, жақсы нәтижелермен балалардың мүмкіндіктеріне сеңім тудырады. Ал арнайы интернат-үйлерінде аталмыш балалардың әлеуметтік дағдыларын қалыптастыру және қарапайым білім, икемділік пен дағдыларға үйрету тәжірибесі жоба ретінде жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, соңғы жылдарғы арнайы білім беру жүйесіндегі жетістіктердің бірі зиятында терен ауытқушылықтары бар балалар оңалту орталықтары мен психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінде арнайы көмек көрсету, ол үшін арнайы жағдайлар қамтамасыз етілген.

«Ақыл-ойы кем баланың тілінің дамуы» пәні бойынша емтихансұрақтары

1. Олигофренопедагогика пәні, мақсат, міндеттері

2. Зиятында ауытқуы бар балаларға сипаттама

3. Психикасының дамуы тежелген балаларға сипаттама

4. Даму бұзылысына әкелетін себептер

5. Ақыл-ойы кем балалардың таным процестерінің ерекшеліктері

6. Зиятында ауытқуы бар балалардың сөйлеу тілінің ерекшеліктері

7. Логопедияның басқа ғылымдармен байланысы

8. Қалыпты балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері

9. Тіл мүкістігінің ерекшеліктерін сипатта.

10. Сөйлеу тілі құрамының бөліктері және олардың дамуының мазмұны

11. Сөйлеу аппаратының артикуляциялық бөліміне сипаттама

12. Тіл кемістігі және оның себептері, тіл кемістіктерін топтастыр.

13. Психологиялық-педагогикалық топтастыруға сипаттама

14. Клиникалық-педагогикалық топтастыруға сипаттама

15. Мектеп жасына дейінгі балалардың тіл мүкістіктерін түзетудің қажеттіліктерін қарастыр

16. Дыбысты қою кезеңдерін ата

17. Дайындық кезеңінің маңызы. Жаттығуға қойылатын талаптар

18. Дыбысты қою кезеңі. Дыбыс қою кезеңінде қолданылатын тәсілдер

19. Машықтандыру кезеңі; кезектілігін ата

20. Ажырату кезеңі, кезектілігін ата

21. Дизартрия кезінде логопедиялық жұмыстың әдістемесі

22. Дизартрия кезінде артикуляциялық аппаратқа жасалатын массажға сипаттама бер.

23. Дизартрия кезінде артикуляциялық аппаратқа жасалатын жаттығуларға сипаттама бер.

24. Қолдың ұсақ моторикасын дамытуға арналған жаттығулар

25. Жалпы маториканы дамытуға арналған жаттығулар

26. Логопедиялық жаттығуларға сипаттама

27. Тыныс алуды қалыптандыруға арналған жаттығулар

28. Баланың фонематикалық есту қабілетін дамытуға арналған жаттығулар

29. Жеке дамыту бағдарламасы

30. Тіл кемістіктерін алдын алу шаралары


1164472980090493.html
1164504242176923.html
    PR.RU™